Дегенмен, тұрмыстық техниканы несиеге сатып алатындар үлесі әлдеқайда жоғары.
Demoscope зерттеуінің нәтижесі халық арасында несие алу кеңінен тарағанын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 72,7%-і несиесі немесе қарызы бар екенін айтқан. Оның ішінде 39,7%-інің қазіргі сәтте бір несиесі немесе қарызы болса, 33%-і бірнеше несиесі бар екенін көрсеткен. 27% респондент несие міндеттемесі жоқ екенін айтқан.
Айта кетерлігі, сауалнамаға қатысқан 60+ санатындағы әр үшінші азаматтың (32,8%) қазіргі кезде бір несиесі немесе қарызы бар, бұл банктердің несие беруді мақұлдаудағы жұмсақтығын білдіреді. Дегенмен, бұл санаттағы азаматтар ең несиесі аз топ – респонденттердің 49,6%-інің несиесі мен қарызы жоқ. Басқа санаттар арасында бұл көрсеткіш 15,5%-тен 32%-ке дейін.
Мейлінше кең тараған қарыз түрі тұтыну несиесі, респонденттердің 70,4%-інің тұтыну несиесі бар. Қарыз алушылардың жартысына жуығы (45,7%) бөліп төлеу қызметін пайдаланады. Туыстарынан, достарынан немесе ломбардтан қарыз алу секілді басқа қарызы бар екенін сауалнамаға қатысқандардың 22,1%-і көрсеткен. 14,4%-і несиеге автокөлік алғанын айтса, 13%-і ипотека төлейді.
Халық арасында несие немесе қарыз рәсімдеуге негізінен келесі жайттар себеп болады:
- тұрмысқа қажет техника алу (24,2%);
- баспана салу немесе жөндеу (18,9%);
- жалақыға дейін ақша жетпеуі (17,4%);
Сондай-ақ, келесі мақсаттарға несие рәсімделген:
- автокөлік сатып алу (13,7%);
- басқа несиені жабу (9,4%);
- ем ақысын төлеу (8,2%) және бизнесті дамыту (7,8%);
- отбасындағы ірі оқиғалар (6,7%) мен оқу ақысын төлеу (6,6%);
- саяхат пен демалыс (3,4%).
Несие алудың кең тарауы мен ай сайынғы табысқа едәуір салмақ салатынына қарамастан, респонденттердің көпшілігі қаржылық жағдайы орнықты деген сенімін сақтап отыр. Алдағы 12 айда қаржылық жағдайының ойдағыдай боларына толықтай сенімді респонденттердің үлесі 39,1% болса, тағы 24,2%-і сенімді сияқтымын деп жауап берген. Дегенмен, респонденттердің 16,2%-і қаржылық жағдайына сенімді емес сияқтымын десе, 13,9%-і мүлдем сенімді емес. Оның ішінде 17,6%-і – ер адам болса, 10,5%-і – әйел.
Оқи отырыңыз:
"Алматы жастары": 5 пайыздық несиемен қалай үй алуға болатынын түсіндіреміз
Қазақстанда қой-ешкі мен сиырдан басқа асыл тұқымды мал алуға несие беріле ме

